Астанада 19–22 тамыз аралығында А. Кравцов көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен Ж. Ташенов көшесіне дейінгі аралығында жолдың үстіңгі қабатын салу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеру қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.