Жолаушыларды бір күн бойы әуежайда қалдырған. SCAT әуекомпаниясына қомақты айыппұл салынды
25.04.2025

Жолаушылар SCAT авиакомпаниясының кінәсінен күні бойына әуежайда қалған. Прокуратура әуекомпаниясына қомақты айыппұл салды.
Оқиға 25 ақпанда болды. SCAT әуекомпаниясының Өскемен-Астана рейсі қатты кешіктірілді. Салдарынан жолаушылар әуежайда сегіз сағат отырған, қонақүйге мүлдем орналастырылмаған.
«Кешкі сағат онға дейін күтті. Тек кезекші прокурордың араласуынан кейін ғана жолаушыларға назар аударып, демалатын орын берілді. Адамдар күні бойы әуежайда жол тосып отырды», — деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
Прокурорларды тексергеннен кейін авиакомпанияға 1000 АЕК немесе 3,9 млн теңге айыппұл салынды.