Ақтөбе облысында заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысан салынады. Үкімет бастамасымен Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді.

Өндірілген қаражатқа 11 нысан салынады. Атап айтқанда, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар бой көтермек.

2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:

  • Ыргыз ауданы, Нұра ауылы
  • Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.

Сондай-ақ медициналық пункттер:

  • Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы,
  • Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,
  • Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,
  • Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,
  • Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
  • Ырғыз ауданы, Жарма ауылында  салынады.

Дәрігерлік амбулаториялар:

  • Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,
  • Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,
  • Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.

Орайы келгенде айта кетейік, кіршіші қаланғалы жатқан медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген.