2026 жылғы 29 шілдеде Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Еуропалық одақ(ЕО) және Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана қаласында өткен Жобаны басқару комитетінің алғашқы отырысы аясында «Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару реформасын ілгерілетуге қолдау көрсету»жобасының ресми іске қосылғанын жариялады.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстандағы Еуропалық одақ Өкілдігінің және БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері қатысты. Қатысушылар жобаның стратегиялық басымдықтарын, жоспарланған іс-шараларды және оны іске асырудың келесі кезеңдерін талқылады.

Бастама жергілікті институттардың әлеуетін нығайту, азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуынкеңейту және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруарқылы Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару реформасын қолдауға бағытталған. Ұлттық және жергіліктісеріктестермен тығыз ынтымақтастықтың арқасында жоба азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған, ашық әріесеп беретін жергілікті басқару жүйесін дамытуға ықпал етеді.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау – бұл, ең алдымен, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы сенімді нығайту. Бұл жоба жергілікті институттардың әлеуетін күшейту, шешім қабылдау үдерістеріне азаматтардың кеңінен қатысуын қолдау және деректерге негізделген мемлекеттік саясатты ілгерілету арқылы Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару реформасының нақты нәтижелерін жергілікті қауымдастықтар үшін сезінуге мүмкіндік береді», – деді Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

«Біз Қазақстан Үкіметімен және Еуропалық одақпен қалыптасқан серіктестігімізді жоғары бағалаймыз және еліміздің барлық өңірлеріндегі халық үшін нақты нәтижелерге қол жеткізу жолындағы ынтымақтастығымыздың жалғасатынына сенім білдіреміз», – деп қосты ол.

Жаңа бастама осы уақытқа дейін қол жеткізілген нәтижелерге негізделіп, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі нығайтуға, азаматтардың қатысуын кеңейтуге және өңірлердің орнықты дамуына ықпалететін болады.

«Еуропалық одақта біз тиімді жергілікті өзінөзі басқару мен жергілікті деңгейде шешім қабылдаудың маңыздылығына ерекше мән береміз. Жергілікті басқару жүйесі тиімді жұмыс істейтін және басқару сапасы жоғары өңірлер көбірек инвестиция тартып, халық үшін экономикалық және әлеуметтік игіліктерді арттыра алады. Біз Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауды мақтан тұтамыз және осы жоба аясында жергілікті атқарушы органдар мен сайланған әкімдерге қолдау көрсетуге қуаныштымыз. Еуропалық одақтың 4 миллион еуро көлеміндегі қаржылық қолдауының арқасында бұл бастама жергілікті басқаруды анағұрлым инклюзивті, ашық әрі азаматтардың қажеттіліктеріне бейім етуге мүмкіндік береді», – деді Қазақстандағы Еуропалық одақ Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур.

Еуропалық одақ (ЕО) – Еуропаның 27 мемлекетін біріктіретін экономикалық және саяси бірлестік. Оның қызметі адам қадір-қасиетін құрметтеу, бостандық, демократия, теңдік, құқық үстемдігі және адам құқықтарын, оныңішінде азшылық топтарға жататын адамдардың құқықтарын қорғау қағидаттарына негізделген. ЕО қоғамның, экономиканың және қоршаған ортаның орнықты дамуына жәрдемдесе отырып, оның игілігін әрбір адам сезінуінежағдай жасауға ұмтылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) – кедейлікті жоюға, теңсіздікті азайтуға және климаттың өзгеруімен күресуге бағытталған БҰҰ-ның жетекші ұйымы. Әлемнің 170 елі мен аумағындағы сарапшылар мен серіктестердің кең желісімен бірлесіп жұмыс істей отырып, БҰҰДБ адамдар мен планетаның игілігі үшін кешенді әрі ұзақ мерзімді шешімдерді әзірлеуге қолдау көрсетеді.

Қосымша ақпаратты undp.org сайтынан немесе БҰҰ Даму бағдарламасының ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады.