Астанада Мұхамедханов көшесінің бір бөлігі төрт күнге жабылады
Жол жабылуы Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі аралықта жүргізілетін жұмыстарға байланысты. Бұл учаскеде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары атқарылады.
Астанада Мұхамедханов көшесінің бір бөлігі 24–27 шілде аралығында уақытша жабылады. Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.
Жол жабылуы Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі аралықта жүргізілетін жұмыстарға байланысты. Аталған учаскеде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған орай көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары мен жүргізушілерге бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеру ұсынылады.