Еуропаға Украина аумағы арқылы газ жеткізілмейді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Бейсенбі күні өткен брифингте журналистер Кремль өкіліне сұрақ қойды. Ресейдің Украина аумағы арқылы газ жеткізуге дайын екені туралы мәлімдемені негіз етіп, шетелдік компаниялар арасында мұндай әңгімелер жүріп жатқанын сөз етті.

«Жүргізілмейді. Ондағы әңгіме коммерция жайлы болды. Газ сатушы бар, оны алатын сатып алушылар бар. Егер сатып алушылар қызығушылық танытса, транзиттік маршрут жұмыс істейтін болса, онда, әрине, сатушы оны талқылауға дайын болады. Ешкім ештеңені жоққа шығармайды және қабылдамайды», — деп жауап берді Песков.

Бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы газ тасымалдау туралы айтқан. Егер АҚШ Ресейді Еуропамен байланыстыратын газ желісін бақылауға алса, Газпром жаңа иесімен газ жеткізу келісімшартын талқылауға дайын екенін жеткізген.