Жаслан Мәдиев Байқоңырда NASA басшысы Джаред Айзекпанмен кездесу өткізді.

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) басшысы Джаред Айзекпанмен жұмыс кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар қазақстандық-америкалық ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылап, ғарыш ғылымы, астрофизика, спутниктік технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға айрықша назар аударды.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ екі елдің ғылыми ұйымдары мен университеттері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін, оның ішінде жоғары білікті мамандарды даярлау бағдарламаларын және ғарыш саласындағы коммерциялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарады.

Жаслан Мәдиев NASA-мен серіктестіктің ұлттық ғылыми-технологиялық әлеует үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

«Қазақстан NASA-мен нақты нәтижелерге бағытталған ұзақ мерзімді практикалық өзара іс-қимыл орнатуға, яғни бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, инновациялық технологияларды енгізуге және жаңа буын мамандарын даярлауға мүдделі», — деп атап өтті ол.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы диалогқа дайын екенін растап, бейіндік командаларға ынтымақтастықтың практикалық әріптестік жоспарын әзірлеуді тапсырды.