Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін ұлттық мерекесімен құттықтады
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай Президент Яков Милатовичті құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достық пен өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Жеделхатта Черногория көшбасшысының жуырда Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичке жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал достас Черногория халқына құт-береке тіледі.