Астанадағы «AMANAT» партиясының орталық маңдайшасы «Әділет» деп өзгертілді
Әлеуметтік желілерде Астанадағы «AMANAT» партиясының орталық аппараты орналасқан ғимараттың маңдайшасы «Әділет» деп өзгергені талқыға түсті. Осындай өзгеріс еліміздің басқа қалаларында да жүзеге асырылып жатыр.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалыққа тарихи шолу жасап, партия атауының эволюциясын еске салған.
«Бұл өзгеріс 20 жыл бұрынғы кезеңге ұқсас. 2006 жылдың жазында «Асар» партиясы «Отан» партиясына қосылған еді. Содан кейін «Нұр Отан» құрылып, кейінірек оның атауы AMANAT деп өзгерді» — делінген пікірлерде.
Жергілікті сарапшылардың айтуынша, жаңа атау партияның қоғамдық бейнесін жаңартып, «әділет» ұғымын алға шығару мақсатында таңдалған. Бұл қадам партияның қоғамдағы сенімділігін арттыру және саяси мәдениетті нығайту бағытына сәйкес келеді.