Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы арасындағы жаңа келісімді құптап, оның халықаралық қауымдастық үшін маңыздылығын атап өтті.

«Халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақтық және әлемдік қауіпсіздік үшін бұл келісімнің маңызы зор. Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз. Қазақстан осы бейбіт келісім Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға жол ашады деп сенеді», — деді Мемлекет басшысы.