Астананың Нұр ауданында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі профилактикалық рейд өткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Рейд Комиссиялар: жасөспірімдер істері жөніндегі, әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі, сондай-ақ «Ата-аналар кеңесі» бірлесе ұйымдастырды. Іс-шара балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін факторларды анықтауға және жасөспірімдердің ересектерсіз қоғамдық орындарда болуын алдын алуға бағытталды.

Қатысушылар сауда-ойын-сауық орталықтары, парктер, компьютерлік клубтар және басқа да көпшілік жиналатын орындарды аралады.

«Біз аудан әкімдіктері, білім басқармасы және полиция қызметімен бірлесіп, парктер, клубтар, ТРЦ сияқты көпшілік орындарға профилактикалық рейдтер жүргіземіз. Мысалы, бір сауда орталығында 10-11 жасөспірімді ересектерсіз жүрген кезде анықтадық», — деді Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат комиссиясының орынбасары Назгүл Мақжан.

Фото: Gov.kz

Жасөспірімдер полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шақырылып, балалар үйге қайтарылды. Мұндай жағдайда заңға сәйкес ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алайда рейд ұйымдастырушыларының басты мақсаты – балаларды жазалау емес, профилактика жүргізу және қоғамның хабардарлығын арттыру.

«Біз балаларды «ұстауға» емес, профилактикалық әңгімелер жүргізуге мән береміз. Ересектерге балалардың қауіпсіздігі үшін тиісті шараларды сақтау керектігін түсіндіреміз. Соңғы бір жыл-полторада біз мұндай рейдтерді жиі өткізіп, алдын алу жұмысын күшейттік. Бұл қоғамның және бизнестің хабардарлығын арттырып, жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізді», — деп атап өтті Назгүл Мақжан.

Осындай профилактикалық рейдтер Астананың барлық аудандарында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Фото: Gov.kz