Нидерланды барлаушылары Ресей Федерациясының қарқынды кибершабуыл жасағаны жайлы хабарлады.

БАҚ хабарлауынша, Ресей тарапы Нидерландының мемлекеттік қызметіне қарсы алғаш рет киберқысым көрсеткен. Мамандар Еуропаға төнген қауіп-қатердің де ұлғайып келе жатқанын ескертті.

Ресей Голландия мен Еуропалық қоғамды бұзуға бағытталған гибридті шабуылдарды күшейтіп жатыр. Бұл туралы 22 сәуірде жарияланған корольдік әскери барлау және қауіпсіздік қызметінің (MIVD) жыл сайынғы есебінде айтылған.

«Біз Ресейдің Еуропаға қауіп төндіргенін байқадық. Әсіресе, Украинаға қарсы соғыс аяқталғаннан кейінгі кезеңде қауіп-қатер ұлғаяды», — деді Mivd директоры Питер Рейсинк.

Оның айтуынша, киберқысым санатында физикалық диверсия, жалған ақпарат науқандарын ұйымдастыру, тыңшылық және кибершабуыл бар.

Mivd директорының сөзіне сенсек, Нидерландыда алғаш рет ресейлік хакерлер жасаған кибер-нұсқа тіркелген. Операция «жүйені бақылауға алу мақсатында» елдің мемлекеттік қызметіне қарсы бағытталды, деп атап өтті MIVD басшысы.

«Шабуылдың алдын алдық, бірақ мұндай жағдай бірінші рет болып отыр», — деді директор.

Бірақ ақпаратта ресейлік хакерлердің қай ведомствоға шабуыл жасағаны нақтыланбаған.