Қазақстан Президенті Канада Генерал-губернаторын құттықтады
Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Канаданың жаңа Генерал-губернаторы Луиза Арбурды лауазымға ресми кіріскенімен құттықтап, оған мемлекеттік қызметінде табыс, ал Канада халқына бейбітшілік пен өркендеу тілегін білдірді.
Президенттің айтуынша, «Қазақстан Канадамен сан қырлы серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын және екі ел халқының мүддесі үшін тығыз ынтымақтастыққа бейіл».