Елордада 13 және 14 маусым күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге Қазақстанның әр өңірінен келген фермерлер мен жергілікті өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, сүт өнімдері, ұн, кондитерлік тауарлар, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер сатып ала алады.

Іс-шара сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығы аумағында өтеді. Келушілер үшін ыңғайлы болу мақсатында жәрмеңке өтетін орынға жақын маңдағы №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды.