Трампты мойындайтындардың үлесі кеміп кетті. АҚШ басшысын қолдайтындардың рейтингі қатты төмендеген. 

Бұл туралы Reuters Ipsos сауалнамасының нәтижелеріне сілтеме жасай отырып жазды.

Зерттеу нәтижелері бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметін америкалықтардың 42% мақұлдайды. Ал бұл көрсеткіш Трамп инаугурациясынан кейінгі алғашқы сағаттарда 47% болған.

Респонденттердің шамамен 59% — ы, соның ішінде республикашылардың үштен бірі, АҚШ-тың келешегіне аладап отыр. Олар АҚШ-тың әлем алдындағы абыройы кеміп, беделі құлдырайтынын мәлімдеді.

Сауалнамаға қатысқан азаматтардың төрттен үш бөлігі Трампқа қарсы. Олар қазіргі басшының үшінші мерзімге үміткер болуын қаламайды.