Алматыда алғаш рет Red Bull Jukebox концертінің өтетіні хабарланды. Red Bull Jukebox интерактивті концертінде көрермен шығармашылығына ерекше құштар болған өнер иесімен бірге ән шырқап, музыка стильдеріне дауыс беріп, дәл сол жерде шоудың бағытын өзгерте алады.

Интерактивті концерт – көрермендер ырғағын белгілейтін шоу.

Егер концерт барысында музыканың жанрын өзгертіп, образды таңдап, трек тізімін нақты уақытта анықтауға мүмкіндік болса ше?
1 мамыр күні Алматы Аренада елмізде алғаш рет өтетін Red Bull Jukebox интерактивті концерті көрермендерге дәл осы мүмкіндікті ұсынады.
Күтпеген бұрылыстар, шексіз энергия мен еркін таңдау – көктемнің басты музыкалық оқиғасында осының бәрі болады.

Кештің басты дауысы – Sadraddin

Red Bull Jukebox жобасының басты әртісі – Қазақстан эстрадасындағы ең жарқын орындаушылардың бірі Sadraddin. Бірақ бұл жолы оның қалай естілетіні көрермендерге байланысты.
Алғаш рет тыңдармандар оның әндерінің жанрын, стилін, тіпті дыбысталуы мен сахналық образын өзгерте алады. Бұл – нағыз музыкалық эксперимент.

Жоба қалай жұмыс істейді?

Red Bull Jukebox – бұл жай ғана концерт емес. Бұл – шынайы музыкалық саяхат. Кеш барысында көрермендер музыкалық стильдерге дауыс беріп, шоудың бағытын нақты уақытта өзгерте алады.
Бұл тек трек-лист емес – бұл әр сәті тосынсыйға толы концерттік тәжірибе.

Қазақстандағы кез келген адам осы таңдау процесіне қатыса алады: музыкалық бағдарламаға дауыс беру Sadraddin-нің Instagram парақшасында, Red Bull Jukebox сайты мен Instagram парақшасында басталып кетті.
Қалаған кез келген жан дауыс беріп, концерттік бағдарламаны өз талғамына қарай бейімдей алады. Толық ақпарат – Red Bull Jukebox сайтында.

Аспапта орындау байқауы

Red Bull Jukebox аясында музыкалық байқау өтеді. Қатысушыларға Sadraddin-мен бірге бір сахнада өнер көрсету мүмкіндігі ұсынылады. Қатысу үшін Sadraddin-нің Aiga Qarap трегінің аспаптық нұсқасын орындап, видеоны TikTok немесе Instagram Reels желілеріне жүктеу қажет.

Жеңімпаздың 1 мамыр күні Алматы Арена сахнасында Sadraddin-мен бірге өнер көрсетеді. Үздік 3 финалист концерт билеттерін және шоу алдында сахна артына эксклюзивті қолжетімділікке ие болады.

«Күтпегенге дайынмын» – Sadraddin Red Bull Jukebox туралы

«Әдетте біз не орындайтынымызды, қандай реттілікпен айтатынымызды және бәрі қалай естілуі керек екенін алдын ала білеміз. Ал бұл жобада әр трек – нағыз сынақ. Бұл – үйреншікті шекарадан шығып, көрермендерге толықтай сенім арту мүмкіндігі. Барлығы драйвқа толы, қуатты әрі мүлде болжанбайтын болады», – дейді Sadraddin.

Неліктен бұл шоуға бару керек?

  • Қазақстандағы алғашқы интерактивті концерт – көрермен тек тыңдарман емес, шоудың авторы
  • Музыкалық эксперимент – бір ән мүлде түрлі жанрда орындалады
  • Бірегей тәжірибе – мұндай форматтағы концерт елімізде алғаш рет өтеді
  • Алматы Аренадағы ауқымды шоу – мыңдаған көрермен, әсерлі визуал және сіздің таңдауыңызбен жазылған музыка
  • Жас музыканттар үшін сахнаға шығудың бірегей мүмкіндігі

Күні: 2025 жылғы 1 мамыр

Өтетін орны: Алматы Арена

Билеттерді kino.kz сайтынан сатып алуға болады.

Red Bull Jukebox – таңдау сенің қолыңда. Осы тарихи оқиғаның бір бөлігі бол!