Астанада балаларға арналған қалалық ортаны дамыту мәселесі талқыланды
Фото: Gov.kz
Астанада балалар инфрақұрылымын дамыту және елордалық медицинаны жаңғыртуға арналған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Басты басымдық – өскелең ұрпақтың дені сау болып өсуіне жағдай жасау және ата-аналарға балаларды жан-жақты дамыту мүмкіндігін арттыру. Кездесу барысында Астананың жауапты ведомстволары жұмыстың қазіргі нәтижелері мен алдағы жоспарларын таныстырды.
Күн тәртібіндегі алғашқы маңызды мәселе ана мен баланы қорғау жүйесін жаңғырту болды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғауға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, перинаталдық орталықтардағы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және нәрестелер арасындағы ауруларды ерте анықтау бағдарламаларын күшейтуге ерекше назар аударды.

Фото: Gov.kz
Талқылаудың екінші үлкен блогы балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мәселесіне арналды. Білім беру, спорт және жастар саясаты басқармалары шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын қолжетімді ету жолдарын бірлесіп қарастыруда.
Комиссияның басты назар аударған мәселелері:
- Тегін және бюджеттік спорт секцияларының желісін кеңейту;
- Жасөспірімдер мен студенттер үшін оқудан тыс кезде бос уақытты сапалы ұйымдастыру;
- Шығармашылық үйірмелерді қаланың жалпы білім беру жүйесіне интеграциялау;
- Елорданың дамып келе жатқан аудандарында әрбір баланың үйінің жанында секцияларға бару мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бос уақытты өткізу орталықтарының тапшылығын жою.

Фото: Gov.kz

Фото: Gov.kz
Аталған отырыста атап өтілгендей, қазіргі кезде жасөспірімдер мен студенттерге сабақтан тыс уақытта сапалы және қызықты мүмкіндік ұсыну маңызды. Егер бұл қамтамасыз етілмесе, балалар мен жасөспірімдердің уақытын көше мен гаджеттер алмастыруы ықтимал. Медицина, спорт және білім беру салалары өзара үйлесімді жұмыс істеп, отбасы институтын қорғау үшін кешенді, жүйелі шаралар қажет. Осындай бірлескен жұмыс дені сау, белсенді ұрпақ қалыптастыруға мүмкіндік береді.