Қарағандыда жол апатынан студент қыз қаза тапты
Қарағанды қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан Бөкетов атындағы университеттің студенті көз жұмды.
Полиция департаменті хабарлағандай, 2006 жылы туған бойжеткен, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған сәтте, оны «Лада» автокөлігі қағып кеткен. Соққыдан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті 33 жастағы жүргізуші басқарған.
«2023 жылдың 23 мамырында Қарағандыда «Лада» автокөлігінің жүргізушісі Университетская көшесімен келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған 20 жастағы қызды қағып кеткен. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр».
Куәгерлердің айтуынша, апат студенттер жатақханасының дәл қарсы бетінде болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөзі: Egemen.kz