Бүгін FlyArystan әуе компаниясының Алматы–Астана бағытындағы рейсінде дау туындады. Ұшуға дайындық кезінде бортсеріктер жеті жолаушыны ешқандай себеп түсіндірместен рейске отырғызбай қойған. Салдарынан жолаушылар Алматы әуежайында қалып қойды.

Редакциямызға хабарласқан жолаушылардың айтуына қарағанда, олар рейске кешікпеген және барлық тіркеу талаптарын уақытында орындаған. Алайда әуе компаниясы тарапынан нақты түсініктеме берілмеген.

Аталмыш жағдайға байланысты жолаушылар FlyArystan компаниясынан өз құқықтарының сақталуын талап етіп отыр. Әзірше оқиғаға қатысты әуе компаниясы ресми жауап бермеді.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай