Жетісу облысы Жаркент қаласында кәмелет жасқа толмаған баласына қатыгездік танытты деген күдікпен әйел адам ұсталды.

Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру барысында 28 жастағы ананың баласына күш қолданып, дене жарақаттарын салғаны анықталған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті құқық қорғау органдарының бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі әйел адам уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін екі бала Отбасын қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Сонымен қатар тиісті мемлекеттік органдарға ананы ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру туралы ұсыныс жіберу жоспарланып отыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай