Әзербайжан Австрия мен Германияға газ экспорттай бастады
17.01.2026
Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR Австрия мен Германия нарықтарына табиғи газ жеткізуді қолға алды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап, Anadolu агенттігі жазды.
Мәліметке сәйкес, TAP газ құбыры арқылы тасымалданатын ірі көлемдегі газды сату Әзербайжанның Еуропаға газ экспортындағы жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді.
2026 жылдың қаңтарынан бастап әзербайжан газы Италия арқылы Австрия мен Германиядағы тұтынушыларға жеткізіле бастады. Еуропа нарығындағы жеткізу географиясы кеңейіп, әзербайжан газын сатып алатын елдердің саны 16-ға жетті
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай