Белгілі әнші Маржан Арапбаеваны ұрып жіберген еркекке қатысты тектеру жүріп жатыр
Полиция Маржан Арапбаеваға күш қолданды деп айыпталған азаматты, азаматтық некедегі жұбайын тергеп жатыр.
Қаңтар айының басында елордада ер адам азаматтық некедегі жұбайына — әнші Маржан Арапбаеваға күш қолданған. Дереккөздерге қарағанда, оқиға ел көзінше болған. Осыдан кейін сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасасады деп 10 тәулікке қамауға алған.
Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен қоғамдық резонанстан соң полиция аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Құқық қорғау органдарының хабарлауына қарағанда, ер адам бастапқыда бейәдеп сөздер қолданды деп әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал әйелге күш қолдану фактісі кейіннен, қосымша анықталған.
Аталған дерек бойынша арыз тіркеліп, тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.
Полиция өкілдері оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатқанын атап өтті. Құқық қорғау органдары заң аясында кез келген агрессияға жол берілмейтінін мәлімдеді.