Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2025 жылдағы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 6,5% болды.

Экономиканың ілгерлеуін қамтамасыз еткен негізгі салалар қатарында: көлік тасымалы, құрылыс саласы мен сауда-cаттық бар.

  • Көлік және қоймалау – +20,4% (жүк және жолаушы тасымалының артуы);
  • Құрылыс – +15,9%, 20,1 млн ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (+5,1%);

  • Сауда – +8,9%, өсім негізінен көтерме саудадан болған;

Қазақстанда өнеркәсіп саласы да дамыды деп айтылды, жыл қорытындысы бойынша 7,4% өскен. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 6,4% болды.

Ең жоғары көрсеткіштер: машина жасау (+12,9%), химия өндірісі (+9,8%), азық-түлік өндірісі (+8,1%), мұнай өңдеу (+5,9%).

Cтатистикаға назар салсақ, ауыл шаруашылығы 5,9%-ға, ақпарат және байланыс саласы 3,6%-ға өскен.