Енді ЖИ-дің үздік нұсқасы ChatGPT қолданушылар өздерінің денсаулығына қатысты деректерін чат-ботқа жүктеп, жауап ала алады. ChatGPT жасанды интеллект чатботын жасаған OpenAI  компаниясы пайдаланушылар өзінің медициналық талдамасын, денсаулық пен wellness-қосымшаларындағы деректеріне дейін ботқа жүктей алатынын хабарлады. OpenAI тамақтану жоспарын жасап, нутрициялық кеңес беріп және зертханалық талдау нәтижелерін түсіндіру бойынша жеке ұсыныс береді деп хабарланды.

ChatGPT Health жүргізген зерттеу бойынша аптасына 230 миллионнан астам адам чатботқа денсаулыққа қатысты сұрақ қоятыны мәлім болды. Компанияның айтуына қарағанда, жаңа функция дәрігермен бірлесе отырып әзірленген және адамға өз денсаулығы түсінуге көмектесу мақсатында жасалған. Сонымен қатар бұл құрал дәрігерлердің орнын алмастырмай, тек клиникалық көмекті қолдауға ғана бағытталған.

Алайда Scientific American және өзге де басылымдар, денсаулық сақтау саласының мамандары ChatGPT-ті медициналық мақсатта, әсіресе психикалық денсаулық проблемасын ашып айту кезінде сақ болуға шақырады. Бұған дейін екі жасөспірімнің ChatGPT-пен болған диалогтан кейін өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. OpenAI бұл сұраққа қатысты пікір білдірмеді.

Дегенмен, оң көзқарас білдірген сарапшылар да бар. Калифорния университетінің радиология және компьютерлік ғылымдар бойынша доценті Питер Д. Чанг бұл құралды әр тұлғаға жеке медициналық көмек көрсетуге ыңғайлы құрал деп санайды. Бірақ ол кез келген AI ұсынған медициналық кеңесті сақтықпен қабылдау қажет екенін ескертеді. ЖИ-дің айтқанын сол күйінде орындамай, қосымша мәлімет ретінде пайдаланған дұрыс. Кейде чат-бот қате ақпар да беруі мүмкін», — дейді ғалым.

OpenAI компаниясы егер, чат-бот жалған нұсқау беріп, жауабы күдік тудырса Lifeline Chat арқылы хабар беріп, байланысуды ұсынды.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай