Бейжің билігі алдағы екі жылда жасанды интеллект секторын дамыту бойынша ауқымды жұмыс жоспарын жариялады. Қала басшылығының мақсаты Бейжіңді ЖИ-дің орталығына айналдыру, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Бағдарлама құжатына сәйкес, Бейжіңнің ЖИ-ға бөлген бюджетін 1 трлн юаньға (шамамен 140 млрд доллар) дейін ұлғайту көзделген. Бұл 2025 жылы бөлінген 450 млрд юаньмен салыстырғанда шамамен екі есе көп.

Жоба индустрияның негізгі сегменттерін қамтитын тоғыз стратегиялық бастаманы іске асыруға бағытталған. Негізгі назар іргелі технологияны жетілдіруге, деректер жиынтығының сапасын арттыруға және ЖИ шешімдерін нақты экономикаға терең интеграциялауға бағытталған.

Бағдарлама сонымен қатар білікті маманды, ұзақ мерзімді инвестицияларды тартып және ашық бастапқы кодқа негізделген экожүйелерді қолдауды қамтиды.

Бейжіңнің даму және реформалар істері жөніндегі муниципалдық комитетінің басшысы Ян Сюлин есептеу кластерін құру арқылы технологиялық қуаттылықты арттыру, салада 10-нан астам жаңа компания мен 20-дан астам біржүйелі фирманың пайда болатынын айтты.

Бұл Қытай астанасын әлемдегі алғашқы ЖИ орталығы ету процесін жеделдетуге бағытталған, — деп атады Ян Сюлин.

Қытай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясының дерегіне қарағанда, 2025 жылғы қыркүйекке дейін ЖИ саласында 5300-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп, бұл әлемдік жалпы кәсіпорындардың 15%-ын құраған.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай