Белгісіз топ Түркие жағалауына жақын жүзіп бара жатқан тағы бір Ресей танкерін атқылады. 

Белгісіз топ жөнелткен құралдар Ресейден Грузияға қарай аттанған, күнбағыс майы тиелген Midvolga 2 танкерін атқылады. Кеме Түркие жағалауынан 150 км қашықтықта қалқып бара жатқан, деп жазады F5Haber Түркие республикасының Көлік және инфрақұрылым министрлігіне сілтеме жасап.

«Танкердегі 13 азамат дін аман, денсаулығы жақсы.  Кеменің толық істен шықпаған қозғалтқыштары бар. Сол қозғалтқыштарымен Синопқа қарай қалқып барады», — деп хабарлайды өкілдік.

Кемеге қарсы шабуыл ұйымдастырғандар жайлы ақпарат жоқ.

Еске сала кетелік, Украина 28 қарашада  Түркие жағалауына жақын жүзген Ресейдің «қалтарыстағы флот» танкерлерін атқылаған еді. Кейін жауапкершілікті өз мойнына алып, пилотсыз Sea Baby құрылғыларын қолданғанын айтқан.