Үкімет өкілдері өсіп жақан коммуналды тарифтер жайлы түсінік берді. 2026 жылдың бірінші тоқсанның аяғына дейін коммуналды тарифтерді өсіру тоқтайды.

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай деді.

Kursiv.media ақпаратына сәйкес, вице-премьер үкіметтің 19 қарашадағы отырысында халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі үш жылдық бағдарламасы туралы баяндама жасады. Онда коммуналдық тарифтер туралы сөз болған.

«2026 жылғы бірінші тоқсанның аяғына дейін барлық тұтынушылар топтары үшін коммуналды тарифтердің өсуі тоқтатылды», – деді Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, тарифтерді көтеруге мораторий жарияланған уақытта табиғи монополия субъектілерін кешенді тексеру жүргізіледі.

Дегенмен мұндай мораторий көпке созылмайтыны мәлім болып отыр.

«2026 жылғы екінші тоқсаннан бастап тарифтерді көтеру инфляцияны ескере отырып жүзеге асырылады», – дейді вице-премьер.

Еске сала кетелік, бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстандағы коммуналды қызметтер құны Еуропа елдерінен әлдеқайда арзан деп мәлімдеген.