«Израиль халқы шаттанып жатыр». ХАМАС кепілге алған жеті Израиль азаматтын Қызыл Крест ұйымына тапсырды
Кепілге алынған Израиль азаматтарының алғашқы легі Газадағы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды ВВС.
Израильдің Каn мемлекеттік телерадиокомпаниясының хабарлауына қарағанда, Газада Қызыл Крест ұйымына берілген топта жеті адам бар.
Азаматтардың аты-жөні де хабарланды. Атап айтқанда, Гали және Зив Берман, Матан Ангрест, Алон Охель, Омри Миран, Эйтан Мор және Гай Гильбоа-Даллаль.
Сонымен қатар Тель-Авив халқы да қуанышын жеткізді. Олар дауыс зорайтқыш арқылы жасалған хабарландырудан кейін қол шапалақтап, шаттанды.
Al Jazeera хабарлауынша, кепілгерлерді табыстау мергімі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де (Астана уақытымен 12:00) аяқталады деп жоспарланған.
Еске сала кетсек, 10 қазан, жұма күні Газа секторында Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енді. 20 тармақтан тұратын бітімгершілік жоспарына сәйкес, ұзақ уақытқа созылған палестиналық-израильдік қақтығысты түпкілікті реттеуге бағытталған келіссөздердің жаңа кезеңі кепілге алынғандар мен тұтқындар алмасуынан кейін басталуы керек.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мысырда 13 қазан күні Газа бойынша бейбіт келісімге ХАМАС-сыз қол қойылатынын хабарлаған едік.