Химия саласы: Нобель сыйлығын металлорганика бағытында жаңалық ашқан үш ғалым иеленді
Фото: Nobel Prize Outreach/dpa/picture alliance
Химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды. Басты марапатты жапон азаматы Сусуму Китагава, австралиялық Ричард Робсон және Иорданияда туып, Америкада тұрақтап қалған ғалым Омар Яги еншіледі.
Ғалымдар тобы «металлорганикадан арнаулы қалып құрап» шыққан.
Химия бойынша Нобель сыйлығы 2025 жылы Киото университетінің ғылыми қызметкері Сусуму Китагава, Мельбурн университетінің зерттеушісі Ричард Робсон және Иорданиядан шыққан Америка химигі, Берклидегі Калифорния университетінің профессоры Омар Ягиге табысталды.
Ғалымдар «металлорганика арқылы қалып құрылымын кеңейтіп, дамытқаны үшін» марапатталды, деп хабарлады Стокгольмдегі Швеция корольдік Ғылым академиясы.
«2025 жылғы лауреаттар газ түрлері мен өзге де химиялық заттарды жүйелейтін молекулалы құрылымдарды іске жекті. Бұл конструкциялар құрғақ, қапырық ауадан су сүзу, көмірқышқыл газын тұту, улы газдарды сақтау немесе химиялық реакцияларды катализдеу үшін пайдалаға жарауы мүмкін», — делінген сыйлық табыстаушы орталық сайтында.
Орайы келгенде айта кетелік, ғалым Ричард Робсон 1989 жылдан бері осы саладағы зерттеу жүргізіп келеді. Ізденуші саңылауы көп әрі көлемді кристалдарға ұқсайтын алғашқы молекулалық құрылымдарды жасаған. Ал Сусуму Китагава мен Омар Яги осындай құрылымдарды төзімті, тұрақты әрі икемді етіп жаңғыртты.
«Металлорганикалы қалыптардың зор пайдасы бар. Тың туындылар бірқатар функцияларды айқындап, жаңа материал дайындау жолында мол мүмкіндіктер сыйлайды», — деп атап өтті химия бойынша Нобель комитетінің төрағасы Хайнер Линке.