Қазақстанда түсірілген «Кадет» фильмі «Оскар»сыйлығына ұсынылды деп хабарланды.

Режиссер Әділхан Ержановтың Instagram парақшасында фильмнің жолы жайлы жазба жария көріп, «Оскар» сыйлығының қай номинациясына ұсынылатыны тәпсірленді:

— Қазақстанның Оскар комитеті 2026 жылы өтетін «Оскар» кинопремиясына ұсынылатын ұлттық фильмдерді іріктеуді аяқтады. Комитет мүшелерінің басым даусымен режиссер Әділхан Ержановтың «Кадет» атты көркем фильмі таңдалып, Қазақстанды «Үздік халықаралық толықметражды фильм» (Best International Feature Film) номинациясында таныстырмақ.», — деп жазды комитет.

Фильм 2024 жылы түсірілген. Туындының биылғы қаңтарда тұсауы кесілді. Ал фильм әлем назарына 2024 жылы Токио халықаралық кинофестивалінде, сондай-ақ Берлиналда, Карлсбадта және Лондондағы SXSW фестивалінде ұсынылды. Көптеген фестивальдерде киносыншылардың жоғары бағасына ие болды.

Еске сала кетелік, 2024 жылы режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылады. 2023 жылы киноиндустрияда жанжал туындады, өйткені комиссия елден бірде-бір кинокартинаны бас комитетке жолдамады.