Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты соғыс бастады деп айыптап, қамауға алуға ордер берді

Сириядағы Дамаск соты 2024 жылы желтоқсанда биліктен қуылған Сирия президенті Башар Асад қамауға алынсын деп мәлімдеді.
ВВС хабарлауына қарағанда, Асад 2011 жылы Дараа провинциясындағы үкіметке қарсы шеруге қатысты айыпталған.
Бұл наразылықтар қанды қақтығысты тудырды, ол басқа елдердің қатысуымен кең ауқымды соғысқа ұласты.
Естеріңізде болса, былтыр желтоқсан айында көтерілісшілер билікке келгеннен кейін Асадтың өзі қашып кеткен еді.
Сирияның Сана ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда, Дараадағы наразылық шерулерін күшпен басып-жаншу кезінде құрбан болғандардың туыстары сотқа шағым түсірген. Асад қасақана кісі өлтірді, азаптады және заңсыз түрмеге қамады деп айыпталған.
Сирияның Жоғарғы соты Сирия сотының қамауға алу ордері Башар Асадты халықаралық іздеуге, соның ішінде Интерпол арқылы іздеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Дараадағы наразылықтар 2011 жылы наурызда басталды. Сәуір айының соңында наразылықтарды басу үшін қалаға армия бөлімдері мен әскери техникалар әкелінді.
Содан кейін қауіпсіздік күштері шерулерді тоқтату үшін демонстранттарға оқ жаудырды. Белсенділердің хабарлауынша, Дарада наразылық шерулерінің алғашқы алты аптасында жүздеген демонстрант қаза тапқан.
Бұған дейін Франция мемлекеті де Башар Асадты тұтқындауға ордер берген.