«Сендер де Украинаның кебін киесіңдер». Қазақ халқына тіл тигізген Ресей өкіметінің жақтасы Тигран Кесоян ажал құшты

Қазақстанда нон грата персонасы статусы берілген пропагандист, режиссер-тележүргізуші Тигран Кеосаян қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның жары Маргарита Симоньян жеткізді.
Маргарита Симоньян әлеуметтік желіде:
«Бүгін түнде Тигран Жаратушысына жол тартты. Маған қайта-қайта хабарласпаңыздар. Рақмет, көп рақмет», – деп жазды ол.
Тигран Кеосаян – RT телеарнасының, «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі.
Кеосаян 59 жасқа шықты. 2025 жылдың қаңтарында клиникалық өлімді бастан өткеріп, комаға түсті. Комадан кейіе қайта оянбады.
Ол Қазақстанға қарата: «Украинаға қараңдар, дұрыстап ойланыңдар! Біздің жауапты адамдар Қазақстанмен қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек!» – деген еді.