Дональд Трамп Ердоғанға «жұмбақтап сөйлеп», Ресей мұнай-газын сатып алуды тоқтатуға шақырды

Фото: Evan Vucci/AP Photo/picture alliance
Америка президенті Дональд Трамп Режеп Тайып Ердоғанға ой салмақ болды. «АҚШ Түркияға қарсы құрған санкцияларын алып тастап, F-35 әскери техникасын сатып алуға рұқсат бере алады», — деді Дональд Трамп.
Іле-шала Түркия президентіне ой салып, Ресейден энергия сатып алуды тоқтатуға шақырды.
Reuters агенттігінің хабарлауына қарағанда, Трамп жанында отырған Ердоғанның көзінше журналистерге: «Ол кісі жасай алатын ең жақсы нәрсе — Ресейден мұнай мен газ сатып алуды тоқтату», — деп мәлімдеген.
Кейін Ақ үйдің басшысы АҚШ қорғаныс өнеркәсібінен санкцияларды алып тастай алатынын және оған F-35 бесінші буындағы АҚШ әскери техникасын сатып алуға рұқсат беретінін айтты.
«Ол F-35-ті сатып алуды аттай қалайды. Біз мұның нақты жолын айтып отырмыз», — деді Трамп.
Америка басшысының айтуына қарағанда, Түркия мемлекеті F-16 деген төртінші буын саналатын Америка әскери техникасын молынан сатып алғысы келеді.
Бір айта кетерлігі, Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Ресейдің сауда қатынасы туралы нақты мәлімдеме жасаған жоқ, бірақ кездесу барысында АҚШ президенті екеуміз F-35 және F-16 әскери ұшағын саудалау мәселесін талқылай жатармыз деп айтты.