Швецияның Қорғаныс министрі «Ресеймен соғысатын уақыт жеткенін айтып», қызу дайындыққа көшуге шақырды

Швецияның Қорғаныс министрі соғыс уақытының таяғанын айтып, дайындықты бастауға шақырды.
Берлинде өткен алқасөзде Пол Джонсон:
— Еуропалықтар соғысқа дайындықты күшейтіп, өз мақсат-мұратын қайта пысықтауы керек, — деді.
Швецияның Қорғаныс министрі Пол Джонсон өз сөзінде Ресейден қауіп төніп тұрғанын, Еуропа елдері болуы ықтимал қарулы қақтығыстарға қарқынды түрде дайындалып, сақадай сай отыру керегін жеткізді.
«Біз, еуропалықтар, ой-өрісімізді тыңайтып, бәрін жаңаша қабылдауымыз керек. Атап айтқанда, бейбіт замандағы ой қыдыртаудан бастап соғысалды дайындық кезеңіне дейін саралаған жөн», — деді.
Сонымен бірге, Джонсон Ресейдің қайтадан жаппай қаруланып жатқанын тілге тиек етті. Министрдің пікіріне сенсек, жыл өткен сайын Ресейдің әскери әлеуеті артып, күшейіп келеді. Қару-жарақ өндірісін де бір жолға қойып, қарқынды түрде дамып жатыр. Сондай-ақ диджитал қақтығыстарда едәуір жетістікке жеткен.