БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетін «ашық геноцид» деп таныды
БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетін геноцид деп таныды.
Палестина мен Израильдегі заңсыздықтарды тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссия қорытынды шығарды. Құрам Израиль билігі мен Газадағы қарулы күштерінің амал-әрекетін зерделеп, 1948 жылғы конвенция бойынша бекітілген геноцид элементтерін тапқанын айтты.
Комиссия конвенцияда жазылған бес белгінің төртеуін көрсетіп отыр:
Бұлар:
— кісі өлтіру;
— физикалық немесе психикалық тұрғыда аса ауыр зиян келтіру;
— палестиналықтарды өмірін қиюға бағытталған амал-тәсірдерге бару, қасақана түрде қатерлі ортаға қусырып тығу;
— көбеюді болдырмауға бағытталған шаралар.
Комиссия басшысы Нави Пиллайдың айтуына қарағанда, палестиналықтарды жоюдың мақсаты барлық жерде «айқын» байқалып тұр.
Сарапшы «айқын белгілер» ретінде өмір сүру жағдайының қолайсыздығын, тұрғындардың азықтан тарыққан мүшкіл халін атады. Сонымен қатар Израильдегі жоғары лауазымды тұлғаларының мәлімдемелері де қастандық идеяларына саятынын айтты.
— Бар қылмысқа ел басшылығы жауапты болаты, — деді Нави Пиллай
Еске сала кетелік, Израиль әскері үш күннен бері Газа қаласын толық атқылауға көшті. Тұрғындар сеңдей соғылып, сау жанына сауға сұрап жүр.