Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының елшісі кездесіп, президенттің алдағы сапары жайлы талқылады. Сонымен қатар Тяньцзинде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті, «ШЫҰ плюс» отырысының бағдарламасы пысықталды.

Президент еліміздің Қытаймен жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге баса мән беретінін атады.

Мемлекет басшысы ШЫҰ саммиті табысты өтіп, Ұйым тарихының жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.  Елші қазақ-қытай қарым-қатынасын барлық салада нығайтуға тың серпін беретін Бейжің мен Тяньцзиндегі іс-шараларды нәтижелі өткізуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Сонымен қатар кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларды ортақ дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Орайы келгенде айта кетелік, Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға арнайылап баратын болды.