Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ельдің әйелі қамалды

фото: en.yna.co.kr
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ельдің әйелі қамалды.
Сеулдің орталық соты қоғамға ықпалы жүріп келген Ким Гон Хиді тұтқындауға қатысты санкция түсірді.
Тергеу мәліметтері бойынша, бұрыншы президенттің жары акцияларға қол салған, парақор болған және сайлау процестеріне араласқан.
Yonhap порталының хабарлауына қарағанда, прокурорлар сезігі әлі де сейілмеген. Олар Кимнен қатты күдіктеніп, бар дәлелді жойып жіберген болуы мүмкін деп санайды.
Қазір бұрыншы басшының әйелі ұсталды. Бірақ өзі барлық тағылған кінә мен айыптауларды мойындамады.
Естеріңізге сала кетейік, Юн Сок Ель 2024 жылдың желтоқсанында болған бұлғақтан кейін қызметтен кетті. Экс-басшы ел өмірін аласапыранға «айналдырып», әскери режим енгізуге тырысты деп айыпталды.
2025 жылдың шілдесінде сот бұрынғы президентті тұтқындау туралы қайталама қарар шығарған. Сондай-ақ, бүлік шығаруға тырысты және қызмет бабын асыра пайдаланды деп айып таққан.