Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өндірісіне қатысты мәлімдеме жасады. Алдағы уақытта Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары АИ-100 маркалы бензин өндіруі мүмкін.

Министрлік Kazinform агенттігінің тілшісіне берген жауабында былай деп жазған:

— Қазіргі кезде Қазақстанда АИ-100 маркалы бензин өндірілмейді. Дегенмен, отандық мұнай өңдеу зауыттарында алдағы уақытта бұл бензин түрін өндіру бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Ақпарат порталының жазуына қарағанда, бірқатар елде «премиум-санаттағы» АИ-100 маркалы бензинін сататын жанармай құю стансаларыны көбейіп келеді.  Өндіріс түрі нарықтағы сұранысты өтеу бойынша қалыптасатыны да айтылды.

Негізінен алғанда, АИ-100 маркалы бензинімен спортқа арналған және суперкар көліктері жүреді. Бұл машиналар максималды өнімділікті талап етеді және оны 100 маркалы бензин қамтамасыз ете алады. Жоғары жылдамдыққа арналған қуатты қозғалтқыштары бар автомобильдерге де АИ-100 бензинін пайдалануға болады. Сондықтан жанармайдың бұл түрімен жүретін көліктердің қозғалтқышы үдей жұмыс істеп, қуаты мен өнімділігі артады.