Түркиеде магнитудасы 6,1-ге дейін жеткен жойқын зілзала болды

Fotoğraf: Murat Seyman/AA
Түркиенің Балыкесір ауданында магнитудасы 6,1-ге жеткен жер сілкінісі болды.
Елдегі Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Балыкесір қаласының Сындырғы ауданында болған.
Жергілікті уақыт бойынша 19:53-те жер сілкінген. Дүмпу елдің Мәрмәр және Эгей аймақтарының көптеген провинцияларында, Ыстамбұлда сезілген.
Зілзаладан кейін іле-шала жер қыртысы тітіркенген, 4,6, 4,1 және 4 баллдық тағы 3 жер сілкінісі байқалған. Амал нешік, үйінді астында қалған 81 жастағы қария қаза тапты.
Сонымен қатар, Апат пен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) төрағасының веб-сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ел астанасында 3,2 балл болатын жер сілкінісі болған. Оның түпнүктесі Анкараның Этимесгут ауданы екені айтылды.
Жер сілкінісінің 4,68 шақырым тереңдікте болғаны анықталды.