Грант 2025: Бүгін грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің хабарлауына қарағанда, мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланады.
«Күні кеше ғана мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы аяқталды. Сәйкесінше, сіздер тағатсыздана күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланатындығын қуана хабарлаймын», – деп жазды министр.
Сонымен қатар, министр грант иегерлерінің тізімі төмендегі ақпарат арналарында жарияланатынын атап өтті:
https://t.me/gylym_jogary_bilim
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
Орайы келгенде айта кетейік, 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі техникалық бағыттағы мамандықтарға бөлінген. Атап айтқанда – 60%. 20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелген.