Аустралияда YouTube желісін қолдануға тыйым салынады

Аустралияда 16 жасқа дейінгі балаларға YouTube желісін қолдануға тыйым салынады.
inbusiness.kz сайының жазуына қарағанда, ел билігі мұндай шектеулерді YouTube видеохостингіне де қолданбақ.
Сәрсенбі күні елдің коммуникациялар министрі Аника Уэллс осындай мәлімдеме жасады. Министр 16 жасқа дейінгі балаларды «қауіпті алгоритмдерден» қорғау керек екенін айтты.
Бұған дейін 2024 жылы Аустралия үкіметі Facebook, TikTok және Instagram сияқты әлеуметтік желілерге жас шектеуін енгізу туралы мәселені көтерген болатын. Бірақ о басында қара тізімге YouTube кірмеуге тиіс еді, себебі платформа мектептерде кеңінен қолданылады. Тыйым Facebook, Instagram, TikTok және Snapchat желілеріне де қолданылады. 16 жасқа толмағандар енді бұл платформаларда аккаунт аша алмайды.
YouTube өкілдері ел билігінің тоқтамын таңырқай қабылдады. Олар YouTube платформасының әлеуметтік желі болып есептелмейтінін, тек бейнежазба жариялауға арналған алаң екенін еске салды.