Үндістан тұрғынының бойынан «елде жоқ ерекше қан тобы» табылды

Әлемде басқа ешкімнің бойында жоқ жаңа қан тобы табылды. Үндістан тұрғынынан табылған қан тобына «CRIB» ғылыми атауы берілді.
АЗЕРТАДЖ хабарлауына қарағанда, Оңтүстік Үндістан аймағында тұратын 38 жастағы әйел жүрегіне ота жасатпақшы болған. Тұрғын 2025 жылдың ақпанында Колар қаласындағы ауруханаға түседі. Хирургтар қан құю үшін дайындықты бастайды, бірақ қолда бар қан тобының бірде-бір үлгісі науқастың бойындағы қан тобына сәйкес келмеді.
Әйелдің қаны иммуногематология зертханаға жіберілген. Зерттеуші ғалымдар бұл қан тобының бөлек екенін анықтап отыр. Дәрігерлер әйелдің 20 туысынан, балаларынан қан алды. Туысқандарының қаны да ерекше қан түріне ие әйелдің деректерімен сәйкестік таппады.
Операцияның сәтті өткені айтылды. Сарапшылар оның қанын зерттеуді жалғастырып жатыр. Қазірдің өзінде мұндай қан тобы бұрын сипатталмаған антигеннің тасымалдаушысы деп хабарланған. Атап айтқанда, қан тобының антигендері 1-ші хромосомада локализацияланған Cromer қан тобы жүйесіне қатысты болып отыр, деп хабарлайды The Hindu.
Бұрын мұндай бірегей қан тобы Кариб теңізінің Гваделупа аралының тұрғынынан анықталған. Жаңа топқа «гвада теріс» атауы берілген еді. Әйел мұндай қан тобын ата-анасынан «мирасқа алған». Олардың әрқайсысында мутацияланған антиген бар.