«Қазмырыш» табиғатты қорғау жолында 108 млрд теңгеден астам инвестиция құюды жоспарлап отыр

«Қазмырыш» экологияны сақтауға негізделген технология мен диджитал процестерді дамытуға 108 млрд теңгеден астам инвестиция салмақ.
«Қазмырыш» компаниясы алдағы 10 жылда стратегиялық даму шеңберінде газдарды тазарту мен шаңды ұстаудың заманауи технологияларын енгізу бойынша жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Табиғатты қорғау іс-шараларына инвестициялардың жалпы көлемі 108 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Үкімет отырысында кәсіпорынның бас директоры Жанат Жанботин мәлімдеді.
Еске сала кетейік, былтыр компанияда дерек топтау мен ұсынуды қамтамасыз ететін жүйе іске қосылды. Ендігі кезекте тұрақты ESG жүйесін енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Цифрландыру саласында металлургия өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздікке, тау-кен жоспарлауға, модельдеуге және талдауға байланысты бірқатар шешім жүзеге асырылды.
Негізгі жобалардың бірі «OneApp» платформасы — өндір үдерістеріндегі ауытқу мен кілтипандарды басқаруға арналған ақпарат жүйесі.
Сонымен қатар басқару қызметін нығайту мен операциялық сын-қатерді азайту үшін өндірістік активтерден үлкен деректерді жинау және талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр деп айтылды.