Қазіргі қазақ театрына – жаңа тыныс, жаңа сөз, жаңа көзқарас керек.  Осы мақсатта «Жастар театры»  заманауи авторлар, драматургиялық ойы бар жас қаламгерлермен бас қосып, «Әдебиет пен театр тоғысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізбек. Бұл жайлы ELORDAMEDIA хабарлайды.

Жобаның мақсаты – театр мен әдебиет арасындағы шығармашылық байланысты күшейту, сахнаға бейімделген дарамалық шығармаларға жол ашу.

Дөңгелек үстелде қазіргі драматургияның бағыты, театр мен әдебиеттің үнқатысуы талқыланады.

Сондай-ақ шара барысында жаңа шығармаларға «Жаңа толқын – жаңа драма» атты ашық байқау жарияланады. Байқау шарты бойынша қатысушы үміткерлер шағын пьеса, сахнаға лайық поэтикалық цикл, монодрама, қысқа проза, сахналық новелла ұсына алады. Театрдың көркемдік кеңесінің сүзгісінен іріктеліп шыққан шығармалар сахнаға жол тартады. Ал, шығармасы үздік шыққан авторлар (репитициялық процесс, сахналық зертхана) шығармашылық шеберханаға қатыса алады.

Жоба соңында жиналған туындылар кітап боп басылып шығады.

Қатысушылар:

  • Жас ақындар, жазушылар, дараматургтер
  • Режиссерлер мен актерлер
  • Театртанушылар мен әдебиет мамандары
  • БАҚ және мас-медиа өкілдері

Құрметті БАҚ өкілдері! «Жастар театрының» дөңгелек үстеліне ақпараттық қолдау білдірулеріңізді сұраймыз!

Өтетін  орны:   Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театрының» «Ақжелкен» баспасөз залы

Күні:   23 шілде, 2025 жыл
Уақыты: 15.00
БАҚ бөлімі: 87086280689

Мекенжайы: Астана  қаласы, І.Есенберлин көшесі 10.  «Жастар театры»