Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі сарапшысына санкция кісені салынды. 

Америка құрама штаттарының мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеме жасап, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы баяндамашысы Франческо Албанезеге қарсы санкциялар енгізілгенін хабарлады.

Сарапшысы «АҚШ пен Израильге қарсы саяси және экономикалық соғыс ұйымдастырмақшы» деп айыптады.

Албанезе бұған дейін Америка компанияларының палестиналықтарға қатысты геноцид жасағанын, Израиль экономикасын жақтап, Палестинаны тұралатуға қатысқанын айтқан, сынайтын баяндама жариялаған.

АҚШ билігі сарапшыға жауығып,  отставкаға кетуін талап етіп отыр. Сонымен қатар Израильге тағылған айыптарды «жалған және қорлайтын сөз»деп атады.