Альянсқа мүше Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Оман, Ирак, Қазақстан, Алжир мен Ресей секілді 8 мемлекет мұнай өндіру көлемін ұлғайтамыз деп жоспарлап отыр.

— Тұрақты әлемдік экономикалық перспективалар мен мұнай қорының төмендігін көрсетіп отырған ағымдағы нарық жағдайы аясында ұйымға мүше 8 мемлекет өндіру көлеміне түзету енгізіп, 2025 жылдың тамызынан бастап шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 548 мың баррель өндіретін болады. Бұл биылғы көктемде келісілген меженің 4 айғы өсіміне тең келеді, — делінген хабарламада.

Ұйым елдері мқнай өндіру көрсеткішін мамыр, маусым мен шілдеде үздіксіз арттырған, тәулігіне 411 000 баррельден қосқан. Хабарламаға қарағанда, квотаны өсіру де ұйымға мүше мемлекеттерге өтемақы төлеуді жеделдетуге мүмкіндік туғызбақ.

Қыркүйек айындағы мұнай өндіру көлемін белгілейтін кездесу 3 тамызға жоспарланып отыр.

Бір айта кетерлігі, бүгінде ОПЕК+ әлемде өндірілетін жалпы мұнай қорының 50 айызын қамтамасыз етіп отыр.