Жұмыста жарақат алған Екібастұз азаматы 5 млн теңге өндіріп алды

Екібастұз қаласының тұрғыны жұмыс беруші «Богатырь Көмір» ЖШС-нен 5 млн теңге өндіріп алды. Еңбек шарты бойынша жол жөндеуші болып жұмыс істеген.
Еңбеккер 2012 жылдың көктемінде жарақат алған. Рельсті кесу кезінде пайда болған металл жарықшағы оның көзіне кіріп кеткен, соның салдарынан көрмей қалған.
— Тергеу жұмыс берушінің 100% кінәсін және қызметкердің толық кінәсіздігін анықтады. Ер адамға қайта тексеру мерзімінсіз ІІІ топтағы мүгедектік тағайындалды. Сондай-ақ 55% кәсіптік қабілетін және 50% жалпы еңбекке қабілетін жоғалту анықталды. Жәбірленушінің өтінішіне татуластыру комиссиясы моральдық зиянды өтеу өтемақы сомасына қосылмағаны туралы жауап берген. Жәбірленуші кездейсоқ жағдай оның өмір сүру және жұмыс істеу қабілетін айтарлықтай шектеп, ұзақ емделуді қажет ететінін айтып, ЖШС-дан моральдық шығынды өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырып, ЖШС-дан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 5 млн теңге өндірді.