Әлемнің танымал әрі беделді басылымдарының бірі —  Ұлыбританияның The Guardian газеті қазақ табиғатын танытқан фотоға төрінен орын берді.

Ақтауда өткен «Даламен үндес баба өнер» қолөнер шеберлері фестивалінің фотосуреті «Күннің үздік фотосы» айдарымен жариялады.


Фото: Ilkin Eskipehlivan/Anadolu/Getty Images

«Қазақпарат» агенттігінің хабарлауына қарағанда,  фотосурет The Guardian басылымының арнайы редакциялық тобының іріктеуінен өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен таңдалған ең үздік фотосуреттер қатарына енді.

Бұл – отандық қолөнер мен мәдениетімізді әлемдік деңгейде әйгілеудің бір дәлелі. Фотосурет авторы: түркиялық фотосуретші Элькин Эскипехливан.

Еске сала кетейік, «Даламен үндес баба өнер» халықаралық фестивалі Ақтау қаласында өтті.

Маңғыстау облысы әкімдігі мәліметінше, іс-шараға Қазақстанның және шетелдің түрлі өңірлерінен келген қолөнер шеберлері қатысып, өз туындыларын ұсынды.

Фестиваль аясында жәрмеңкелер, көрмелер, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қонақтар ұлттық дәстүрлермен танысты.

Фестивальдің басты мақсаты – дәстүрлі өнерді дәріптеу, ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру және әлемдік деңгейде қазақ қолөнерінің мәртебесін арттыру.

Айта кетейік, ақтаулық сүңгуір теңіз астындағы бір шақырымнан астам аумақты қоқыстан тазалады.