Иран Америкаға сес көрсетті, «бір сұмдықтың боларын» айтып үрейлендірді

Иран АҚШ-қа сес көрсетті. Ресми хабарламада Иранның қандай жағдайда АҚШ-ты жау тұтары, елге қарсы анталаған жасаған жағдайда не болары айтылған.
Иран тарапы АҚШ-тағы «ұйқыдағы ұяшықтар» террорын күшейтетінін айтты. Трамп мұндай хабарды өткен аптада болған G7 саммитінде естеді.
Ал АҚШ президенті әлеуметтік желілерде Иранның АҚШ-қа қарсы кез келген кек алу әрекетінің түбі жақсылыққа апармайтынын мәлімдеп, қарымта жауаптың «түнде болғаннан жағдайдан әлдеқайда қатты» болатынын жеткізді.
Трамп әкімшілігінің сөзіне сенсек, негізгі қалалардағы құқық қорғау органдары кез келген тосын жағдайдың алдын алып, терроризмді ауыздықтауға дайын.
Ақпаратқа сәйкес, Трамп мұндай ескертуді Канаданың Кананаскис қаласындағы G7 саммитінде қатысып жатқан кезінде алған, Тегераннан жеткен шабарман «бір сұмдықтың боларын» ескерткен.
NBC тілшісі Питер Александрдың айтуына қарағанда, хабарда АҚШ аймағында террористік актілермен айналысатын «ұйқыдағы ұяшықтар» тобының оянатыны туралы айтылған. Егер де Америка Иранды бомбаласа, қарымта террордың міндетті түрде болары ескертілген.
Еске сала кетейік, 22 маусымға қараған түні Трамп мәлімдеме жасады. Саясаткер АҚШ қарулы күштерінің Ирандағы үш ядролық қондырғыға (Фордо, Натанзе және Исфаханға) сәтті шабуыл жасағанын хабарлады. Сондай-ақ Иран басшылығының қақтығысты тоқтату үшін келісімге келуі керек екенін мәлімдеді.