Елдің оңтүстігіндегі Санта-Катарина штатында 21 жолаушысы бар әуе шары өртеніп, апатқа ұшырады. 

Губернатор Жоржинью Мелудың хабарлауына қарағанда, астаннан құлаған әуе шарымен сапарлаған жолаушылардың сегізі қаза тауып, он үш адам аман қалған.

Қазір аман қалған жолаушыларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«8 адамның қаза тапқаны, 13 адамның тірі қалғаны расталды», — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Metrópoles порталының хабарлауынша, белгісіз себеппен әуе шарында өрт шыққан, содан кейін ол биіктен құлап кеткен.

Шар Санта-Катарина штатының оңтүстігіндегі Прайя-Гранди муниципалитеті үстінен ұшып өткен. Бұл жер Бразилияда «каньондар астанасы» немесе «әуе шары астанасы» ретінде танымал.